Алматы облысында көкпар тартқан жігіттер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

0
2 292


Алматы облысында көкпар тартқан жігіттер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ERNUR.KZ. 2023 жылдың 2 қыркүйегінде сағат 21:40-та Қонаев қаласы, "Береке" дәмханасы жанындағы Алматы-Өскемен республикалық маңыздағы тас жол бойында бір топ адам көкпар тартып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады Zakon.kz.

"2 қыркүйекте 1979 жылғы азамат баласының туған күніне орай Қонаев қаласының шетінде "Көкпар" ұлттық спорттық іс-шарасын ұйымдастырып, оған басқа аудандардың спортшылары қатысқаны анықталды. Тәртіп сақшылары іс-шараның ұйымдастырушысы мен қатысушыларын Қонаев қалалық полия бөліміне жеткізді", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Қазіргі уақытта барлық адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434, 406, 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, жаза қолданылғаны да нақтыланады.