Алматы облысында құлаған ағаш екі көлікті басып қалды: зардап шеккендер бар

0
117

Алдын ала мәлімет бойынша, салдарынан төрт адам зардап шекті.


Алматы облысында құлаған ағаш екі көлікті басып қалды: зардап шеккендер бар

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында ағаш құлап, екі жеңіл көлікті басып қалды. Оқиға Еңбек және Қырбалтабай ауылдарының арасындағы автожолда болған, деп жазады zakon.kz.

Оқиға орнына жедел жеткен Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құлаған ағашты кесіп, жолды тазарту жұмыстарын жүргізді.

Алдын ала мәлімет бойынша, салдарынан төрт адам зардап шекті. Оларға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алакөлде қозғалтқышы істен шыққан қайықтағы адамдар құтқарылған болатын.