Алматы облысында құны 15 млрд теңге болатын агроөнеркәсіптік кластер салынып жатыр

0
119

Кластердің өндірістік қуаты тәулігіне 1,5 мың тонна астықты құрайды.


Алматы облысында құны 15 млрд теңге болатын агроөнеркәсіптік кластер салынып жатыр

ERNUR.KZ. Қонаев қаласында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдейтін ірі агроөнеркәсіптік кластердің құрылысы басталды. Жобаның құны — 15 млрд теңге, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Инвестициялық жобаны 2010 жылдан бері ұн, мал азығы және өсімдік майларын өндірумен айналысатын «Қапшағай Бидай Өнімдері» ЖШС жүзеге асыруда.

Кластер құрамына бірден бірнеше өндірістік бағыт кіреді: ұн тарту өндірісі, май өндіру, құрама жем зауыты, қапшық өндіретін кәсіпорын.

Кластердің өндірістік қуаты тәулігіне 1,5 мың тонна астықты құрайды.

Жоба шетелдік нарықтарға да бағытталған — компания жыл сайын Қытайға 1 млн тоннаға дейін дайын өнім экспорттауды жоспарлап отыр.

Жалпы, Қонаев қаласында қазіргі уақытта жалпы құны 240 млрд теңгеден асатын 11 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Соның ішінде құны 49,2 млрд теңге болатын ірімшік пен фри картобын өндіретін Sofood Kaz жобасы да бар.