Алматы облысында малшыны жүрек тұсына пышақ сұғып өлтірді

0
1 298

Қанды қылмысты 59 жастағы әйел адам жасаған.


Алматы облысында малшыны жүрек тұсына пышақ сұғып өлтірді

ERNUR.KZ. Алматы облысында Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны адам өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қанды қылмысты 59 жастағы әйел адам жасады деген күдікке ілінді. Қазір Зырян қаласының тұрғыны қамауда отыр

Қылмыс 19 қазан күні түнде Жамбыл ауданында тіркелді. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мыңбаев ауылынан шамамен 10 шақырым жерде орналасқан қыстақтардың бірінен ер адамның мүрдесі табылған. Марқұмның жүрегіне пышақ жарақаты салынған. Мерт болған адам Иле ауданының 46 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол да осы қыстақта малшы болып жұмыс істегені анықталды. Оқиға орнына жеткен Жамбыл ауданының жедел-тергеу тобы адам өлтірді деген күдікпен 59 жастағы әйел адамды ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр.

Анықталғандай, ШҚО-дан келген әйел адам қыстақта аспаз болып жұмыс істеген. Күдікті әйел жәбірленуші оның намысына тиетін сөздер айтып, әр кез тисетінін жеткізген. Ал қанды қылмыс күдіктінің туған күнінде болған. Малшы мен аспазшының арасында жанжал туындап, соңы адам өлімімен аяқталған.

«Аталған факті боынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалардың барлығы тағайындалды. Ас үй пышағы айғақ зат ретінде тәркіленді. 59 жастағы әйел қамауға алынды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментіндегі баспасөз қызметінен.