Полиция оқиғаға қатысы бар деген күдіктінің ұсталғанын айтады.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы мешіттің маңында ер адамның мәйіті табылды, деп жазады sputnik.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат бойынша, ер адам 29 наурызға қараған түні мешітке таяу маңда қайтыс болған. Полиция оқиғаға қатысы бар деген күдіктінің ұсталғанын айтады.
"Күдіктіні ұстауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып, барлық қатысушылары мен куәгерлерінен жауап алынып жатыр. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – дейді ведомство.
Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауында деді тәртіп сақшылары.