Алматы облысында оқушылар сабақ үстінде порнографиялық сайттарға кірген

0
454

Мониторинг барысында 425 мектепте кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау және порнографиялық сипаттағы әртүрлі сайттарға кіруі анықталды.


Алматы облысында оқушылар сабақ үстінде порнографиялық сайттарға кірген

ERNUR.KZ. Алматы облысында мектеп оқушыларының білім беру мекемесінің қабырғасында тыйым салынған интернет контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталды, деп жазады ulysmedia.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, мониторинг барысында 425 мектепте кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау және порнографиялық сипаттағы әртүрлі сайттарға кіруі анықталды.

“Бүгінгі күні облыстың барлық білім беру мекемелерінде прокурорлық ден қою актісімен осындай сайттарға интернетке қол жеткізуді шектегіштер орнатылды. Сонымен қатар, прокурорлардың талап-арызы бойынша көрсетілген 8 интернет-ресурсты соттар заңсыз деп таныды, олардың таралуы бүкіл ел бойынша шектелген. Осылайша, бұзушылыққа жол бергені үшін 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда заңға қайшы контенті бар 16 мың сайт анықталды.