​Алматы облысында парапланмен ұшқан әйел шатқалға құлап кетті

0
125

1985 жылы туған әйел парапланмен ұшып бара жатып құлап кеткен.


​Алматы облысында парапланмен ұшқан әйел шатқалға құлап кетті

Фото: ҚР ТЖМ

ERNUR.KZ. ТЖМ құтқарушылары парапланмен құла кеткен қызды эвакуациялады, деп жазады inform.kz.

— Алматы облысының Қарасай ауданында Қаскелең шатқалында 1985 жылы туған әйел парапланмен ұшып бара жатып құлап кеткен. ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары оқиға орнына жетіп, зардап шегушіні 500 метр қашықтықта күтіп тұрған жедел медициналық жәрдем көлігіне жеткізді, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, құтқарушылар Алматыда тау бөктеріндегі өртті сөндірген болатын.
Ал 25 шілдеде жоспарлы ұшып өту кезінде жоғалған Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағында болған адамдардың орнын анықтау мақсатында Сорбұлақ су қоймасы ауданында ауқымды іздестіру-құтқару операциясы тәулік бойы және күшейтілген режимде жүргізіліп жатқанын жазған едік.