Алматы облысында перзентхана қызметкерлері мінген көлік аударылып қалды (видео)

0
2 637

Жүргізуші жарақатына қарамастан, алдыңғы терезені бұзып, адамдарды далаға шығарған.


Алматы облысында перзентхана қызметкерлері мінген көлік аударылып қалды (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматы облысы перзентхана қызметкерлері мінген микроавтобустың аударылып қалған видеосы тарады, деп жазады baq.kz.

Аталған оқыс оқиғаның видеосы Instagram-дағы kris_p_issyk парақшасында жарияланды.


Видео авторының ақпаратына сәйкес, апат таңғы 07:40-та болған. Есік қаласының перзентхана қызметкерлері мінген шағын автобус апатқа ұшырады, деп жазылған. Жүргізуші жарақатына қарамастан, алдыңғы терезені бұзып, адамдарды далаға шығарған. Автор шағын автобусты перзентхана басшылығы емес, қызметкерлер өздері жалдағанын жазған. 4 адамның халі ауыр екенін де айта кеткен.

Алматы облысы полиция департаменті апат жайлы ақпаратты растады.

"Жол апаты «Талғар-Есік-Байдібекби» автожолының 72-шақырымында болған. Оқиға орынан жеткен Жедел-тергеу тобы Mercedes-Benz Sprinter автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі Сатай ауылы маңында жолдың тайғақ және қалың тұман болуына байланысты көлікті басқара алмай, бір жағына қарай аударып алған", - делінген Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.