Алматы облысында полицейлер ерлі-зайыптының жұмбақ өлімін тергеп жатыр

0
910

Тәртіп сақшыларының айтуынша, көзбен тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.


Алматы облысында полицейлер ерлі-зайыптының жұмбақ өлімін тергеп жатыр

ERNUR.KZ. Қапшағайда ерлі-зайыпты жоғары вольтты бағаналардың бірінде асылып тұрған жерінен табылды, деп жазады sputnik.kz.

Полиция тергеуді бастады.

Ақпарат жергілікті "QAPINFO" паблигінде жарияланды. Жазбада зардап шеккендердің 8 сәуір күні таңертең жанармай құю бекетіне жақын маңнан табылғаны айтылған.
Облыстық полиция жас жұбайлардың көз жұмғанын растады. Ведомствоның хабарлауынша, ер адам 22 жаста, әйелі 18 жаста.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, көзбен тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған, суицид жасаған деген болжам бар.
"Болжам бойынша ерлі-зайыпты өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатыр. Соңғы процессуалдық шешім сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша шығарылады", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесіне байланысты полицейлер толық ақпарат бере алмады.