Алматы облысында селфи жасамақ болған екі жасөспірім қаза тапты

0
676

Қайғылы оқиға балық зауытының маңында болған.


Алматы облысында селфи жасамақ болған екі жасөспірім қаза тапты

ERNUR.KZ. Алматы облысы Алакөл ауданы Бескөл аулында ерекше селфи жасағысы келген екі жігіт қаза тапты, деп жазады Tengrinews.kz.

Аймақтың ТЖД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, қайғылы оқиға 20 тамызда сағат 19:19-да Бескөлден бір шақырым жердегі балық зауытының маңында болған.


"Суретке түсу кезінде 2004 және 2005 жылы туған екі жасөспірім қаза тапты, 2004 жылы туған үшінші жасөспірімнің оң жақ аяқ-қол сүйектері сынып, Үшарал ауруханасына жеткізілді.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде 1991 жылдан бері жұмыс істемейтін екі қабатты ғимараттың ішінде жасөспірімдерді бетон плита басып қалғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.


Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, жедел медициналық қызметкерлер, жұмысшылар, бірнеше техника жұмылды.