Алматы облысында соңы қырғынға ұласқан көкпардың ұйымдастырушысы ұсталды

0
643

15 мамырда Қаскелеңде көкпаршылар тас жол бойында жарысқа түсті. Шабандоздардың тоқтап тұрған көліктерді бүлдіре бастағаны әлеуметтік желілерде хабарланды.


Алматы облысында соңы қырғынға ұласқан көкпардың ұйымдастырушысы ұсталды

ERNUR.KZ. Полицейлер Алматы облысының Қарасай ауданында рұқсат етілмеген көкпарды ұйымдастырушы мен үш қатысушыны ұстады, деп жазады zakon.kz.

Облыстық полицияның мәліметінше, көкпарды Қаскелең қаласының 66 жастағы тұрғыны жиенінің туған күніне орай ұйымдастырған.

Ат спорты ойыны Қаскелеңнің шетіндегі алқапта өткенімен кейін қала көшелеріне көшті. Ұсталғандар ҚР ӘБ-тың 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) және 614-бабы (Көлік құралдарына кедергі жасау) бойынша жауапкершілікке тартылады.Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі

Департаментте нақтыланғандай полицейлер 34 жастағы азаматтың көлігін зақымдаған шабандозды қоса алғанда қалған көкпаршыларды іздеуді жалғастырып жатыр

Еске салайық, 15 мамырда Қаскелеңде көкпаршылар тас жол бойында жарысқа түсті. Шабандоздардың тоқтап тұрған көліктерді бүлдіре бастағаны әлеуметтік желілерде хабарланды. Көліктерді аттың тұяғының ізі қалып, автомобильдерді зақымдады.