Алматы облысында су электр станциясы іске қосылды

0
555

«Орта Қақпақ» су электр станциясы жылына 13 млн КВт электр қуатын өндіреді.


Алматы облысында су электр станциясы іске қосылды

ERNUR.KZ. Алматы облысының Райымбек ауданында «Орта Қақпақ» су электр станциясы пайдалануға берілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оның номиналдық қуаттылығы 2,2 МВт. Құрылысы 2021 жылы басталған жобаның жалпы құны 1,5 млрд теңге. Шалғай ауданға тртылған құны 1 млрд теңгеден асатын ең ірі инвестициялық жоба саналады.

«Орта Қақпақ» су электр станциясы жылына 13 млн КВт электр қуатын өндіреді. Мұндағы су құбырының ұзындығы 4 шақырым. «Қайнар» қосалқы станциясына ұзындығы 12 шақырым болатын 10 КилоВольттық желі тартылған. Өндірілген қуат көзі сол арқылы таратушы компанияға жеткізіліп, одан ары тұтынушыларға беріледі.

«Біздің облыс мынау баламалы энергетикаға өте ыңғайлы. Жел жағынан болсын, күн жағынан болсын, су жағынан болсын жақсы. Сол себептен оны дамытуға тиістіміз. Ол экологияға да, адамға да, бәріне пайдалы» - деді облыс әкімі.

Жобаны жүзеге асыру барысында 45 адам жұмыспен қамтамасыз етілсе, енді автоматты түрде басқарылатын заманауи су электр станциясында 4 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыс істейтін болады.

«Алматы облысының дамуына өз үлесімді қосқаныма өте қуаныштымын. Біздің инвестициялар қоғамға пайдалы болады деп үміттенемін. Жоба бастапқыда 1,2 млрд теңгеге бағаланғанына қарамастан, инфляцияға байланысты оның құны 1,5 млрд-қа дейін өсті. Біз бұл міндеттерді сәтті орындадық. Қуаттылығы жылына 13 миллион кВт/сағ болатын жоба тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оның үстіне стансаның қуаты су деңгейінің өзгеруіне бейімделеді. Әрине, мен үміттенемін. инвестиция облыс халқы мен экономикасына айтарлықтай пайда әкеледі» - деді жобаның жетекшісі Жанұзақ Қонаев.

Су электр стансасының құрылысын «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында «DAMU» инвестициялық қорының қолдауымен жүзеге асты.