Алматы облысында тағы жер сілкінісі болды

0
957

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 149 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан.


Алматы облысында тағы жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Алматы облысында жер сілкінісі болды, деп жазады tengrinews.kz.

Жер асты дүмпулерін Төтенше жағдайлар министрлігі "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 19 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 06:57-де тіркеген.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 149 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,3, магнитудасы MPV 4,6", - делінген хабарламада.