Алматы облысында үй тонаумен айналысқан бір топ студент ұсталды

0
857

Ұсталғандардың қараша айының басынан бері Іле ауданында бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысты қозғалған бес іске қатысы бары анықталды.


Алматы облысында үй тонаумен айналысқан бір топ студент ұсталды

ERNUR.KZ Бір топ студент Алматы облысындағы жеке үйлерді тонаған деген күдікке ілінді, деп жазады Zakon.kz.

Ұсталған адамдар Іле ауданының елді мекендеріндегі бес тонау ісі бойынша күдікке ілінген.
11 қарашаға қараған түні Қоянқұс ауылын аралап жүрген екі учаскелік полиция қызметкері қылмыстық полицияның бағдары бойынша іздеуде жүрген мемлекеттік нөмірі жоқ Daewoo Nexia көлігін байқайды. Олар полицияны көрген бойда бой тасаламақ болған.
- Күдіктілерді ұстау үшін тәртіп сақшылары ауаға ескерту ретінде оқ атуға мәжбүр болды. Нәтижесінде Алматы қаласының жоғары оқу орындарында оқитын 18-19 жастағы төрт студент жігіт ұсталды. Көліктің багажында бұрын сол ауылдағы жеке үйлердің бірінен ұрланған түрлі құрылыс құралдары табылды, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұсталғандардың қараша айының басынан бері Іле ауданында бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысты қозғалған бес іске қатысы бары анықталды. Ауыл тұрғындарына келтірілген материалдық шығын әлі есептелуде.
- Күдіктілердің барлығы Қызылорда және Түркістан облыстарынан келген, Алматыда тұрады. Көлік күдіктілердің біреуіне тиесілі. Қазіргі уақытта қамауға алынған адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешіліп жатыр, - деп толықтырды полициядағылар.
Дәлелденген фактілер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, яғни "Ұрлық" бойынша тергеу ісі қолға алынды. Полиция ұсталғандардың басқа қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастыруда.