Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

0
2 631

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға болған жерде көз жұмды.


Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Алматы-Өскемен тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп жазады Tengrinews.kz.

Полиция мәлімдетінше, 19 наурызында сағат шамамен 16.30-да оңтүстік бағыттағы Алматы-Өскемен тасжолының 89-ышы шақырымда "Лада Ларгус" автомобилінің 57 жастағы жүргізушісі көлігін басқара алмай, апатқа ұшырады.




"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға болған жерде көз жұмды, ал оның бес жолаушысы Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді. Кейін шамамен сағат 17-де жолаушылардың бірі алған жарақаттарынан медициналық мекемеде көз жұмғаны белгілі болды", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі өкілі.


Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында барлық қажетті сараптама тағайындалды.