Алматы облысындағы 5 адамның улануы: Аман қалған әйелдің дағдайы белгілі болды

0
397

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 4 мамырда Қарасай ауданындағы көпсалалы ауданаралық ауруханаға 1985 жылы туған әйел түскенін хабарлады.


 Алматы облысындағы 5 адамның улануы: Аман қалған әйелдің дағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Дәрігерлер Алматы облысында уланып қалған отбасыдан жалғыз аман қалған әйелдің жағдайын айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Диагноз: белгісіз затпен ауыр улану. Жүргізіліп жатқан емдеу аясында жағдай жақсарды. Өздігінен тыныс алып жатыр. Бөлімшеге ауысуға дайындалып жатыр", делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында әкесі мен төрт баласы белгісіз заттан уланып қайтыс болғанын жазған болатынбыз.