Алматы облысындағы ауылдардың бірі су астында қалды

0
763

Төтенше жағдаймен күрес жұмыстарына департаменттің 10 қызметкері, 2 техникасы, 2 мотопомпасы және жергілікті атқарушы органдардың 5 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылған.


Алматы облысындағы ауылдардың бірі су астында қалды

ERNUR.KZ. Алматы облысында Ақөзек ауылын қызыл су басты, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы өңірлік ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті,

«2023 жылғы 5 наурыз күні сағат 18:46-да Алматы облысы ТЖД Шеңгелді ауылдық округінің Ақөзек ауылында температураның (+12 градус) жоғарылауына және Ақөзек ауылының солтүстік бөлігінен құрғақ арна арқылы таулардың баурайынан еріген судың түсуіне байланысты қардың қарқынды еріді. Осының салдарынан Қонаев қаласы Ақөзек ауылынан оңтүстікке қарай құрғақ арнадағы су деңгейі көтеріліп, құбырлы өткелдер кіретін су көлеміне төтеп бере алмады. Сол себепті көшелер мен 6 жеке тұрғын үйдің ауласын су басты», – делінген хабарламада.

ТЖ департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен инженерлік техникасын (3 экскаватор және 2 тиегіш) пайдалана отырып, қолда бар құбырлы өткелдерге параллель қосымша төгу арналарын төсеу әдісімен еріген су арнасы бұрылды.

Төтенше жағдаймен күрес жұмыстарына департаменттің 10 қызметкері, 2 техникасы, 2 мотопомпасы және жергілікті атқарушы органдардың 5 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылған.

“2023 жылғы 6 наурыз күні сағат 7:00-де су ағыны төмендеді, елді мекендер арқылы су транзиттік режимде өтуде. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады ведомство.