Жігіттің жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмғаны белгілі болды.
ERNUR.KZ. Электрикті 21 ақпанда № 57 мекемеде электр кернеуі бұзылысын жөндеп жатқанда ток соққан. ҚАЖК көз жұмған жігіттің колонияда электрик болып жұмыс істеген штаттағы қызметкер болғанын, мекемеде жазасын өтеп жатқандардың бірі емес екенін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Жігіттің жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмғаны белгілі болды.
"21 ақпанда № 57 мекемеде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында штаттық электрик электр кернеуін жөндеп жатқанда ток соқты. Мекеме бастығының кезекші көмекшісі дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Жедел медициналық көмек келгеннен кейін адамның қайтыс болғаны анықталды. Сонымен қатар штаттық электрик осы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азамат емес екенін хабарлаймыз", - деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта мекеме Алматы облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасымен комиссиялық тексеру жүргізу үшін материалдарды жіберді.