Алматы облысындағы сауда орталығында кішкентай қызды тепкен шетелдік азамат қамауға алынды

0
1 110

26 шілде күні таңертең Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов бір күн бұрын Түркия азаматы екі айға дейінгі тергеу кезінде қамауға алынғанын айтты.


Алматы облысындағы сауда орталығында кішкентай қызды тепкен шетелдік азамат қамауға алынды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданының тергеу соты сауда орталықтарының бірінде төрт жасар сәбиді тепкен Түркия азаматына қатысты бұлтартпау шарасын таңдады, деп жазады zakon.kz.

26 шілде күні таңертең Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов бір күн бұрын Түркия азаматы екі айға дейінгі тергеу кезінде қамауға алынғанын айтты. Күдіктіге мұндай бұлтартпау шарасын Қарасай ауданының тергеу соты таңдады.

Іс "Бұзақылық" бабы бойынша тергеліп жатыр.

23 шілде күні сауда орталықтарының бірінде белгісіз ер адам баланы тепкен соң қыздың анасы полицияға арыз жазған. Қызды тура мағынада лақтырып жіберген. Оқиға БАҚ-та тарап кеткен видеоға түсіп қалған.

25 шілдеде Түркия елшілігі өкініш білдіріп, баланың тезірек сауығып кетуін тіледі.