Алматы облысындағы Түрген шатқалында көлік аударылып кетті

0
106

​Ассы жазығында жол апатына ұшыраған жүргізушіге шұғыл медициналық көмек қажет болды.


Алматы облысындағы Түрген шатқалында көлік аударылып кетті

Фото: ҚР ТЖМ

ERNUR.KZ. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Түрген шатқалы Ассы жазығында көлік аударылып, жүргізуші жарақат алды. Оқиға тау бөктерінде болғандықтан, зардап шеккен азаматқа шұғыл медициналық көмек қажет болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Құтқарушылар қиын жолмен жетті

Оқиға орнына жету қиынға соққандықтан, жедел жәрдем бригадасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларымен бірге арнайы өтімділігі жоғары «Toyota Hilux» автокөлігімен Ассы жазығына көтерілді.

Алғашқы көмек көрсетілді

Дәрігерлер мен құтқарушылар жарақат алған жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны «Батан» гидробекетінде күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне аман-есен жеткізді.

ТЖМ мамандарының үйлесімді жұмысы мен жедел әрекетінің арқасында адам өмірі сақталып қалды.