Алматы облысының әкімдігі Шерзаттың үйін қалпына келтіруге уәде берді

0
281

16 жасар Шерзат қаскөйлердің қолынан қаза тапқан болатын.


Алматы облысының әкімдігі Шерзаттың үйін қалпына келтіруге уәде берді

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Үйінен өрт шығып, баспанасыз қалған Шерзат Болаттың отбасына Алматы облысының әкімдігі тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектесетін болды, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұған қоса, жөндеу жұмыстары аяқталғанша оларға уақытша баспана беріледі", – деп хабарлайды әкімдік.

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың үйі өртеніп кеткені кеше түнде белгілі болды.

"Түнде маған жәбірленушілердің туыстары қоңырау шалып, Талғарда өлтірілген Шерзаттың отбасына тиесін үй өртеніп кеткені туралы хабарлады", – деп жазды Саида Тәукелева Instagram парақшасында.