Алматы облысының дәрігерлері өңешіне сүйек тұрып қалған әйелді аман алып қалды

0
487

4 күн бұрын тамақ ішіп отырғанда, сүйек жұтып қойған.


Алматы облысының дәрігерлері өңешіне сүйек тұрып қалған әйелді аман алып қалды

ERNUR.KZ. Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері сүйек жұтып қойған науқасты аман алып қалды, деп жазады zakon.kz.

Ол 4 күн бұрын тамақ ішіп отырғанда, сүйек жұтып қойған.

"Сүйек тамағыма кетіп қалғанда мен дереу біздің аудандық ауруханаға бардым, дәрігерлер амбулаториялық емделуге жіберді. Тамағымның ауырғаны басылмады, содан жеке клиникаға бардым, олар мені облыстық ауруханаға жіберді", - дейді науқас.

Тексеру барысында дәрігерлер өңештің іш қуысының шырышты қабығында өткір сызықтық жыртылулардың пайда болғанын анықтаған.

"Бастапқыда хирургиялық араласу арқылы сүйекті алу мәселесі туындады, өйткені шырышты қабық жарылған еді және сүйек ағзада төрт күннен астам болды. Бірақ, консилиум эндоскопиялық емдеу әдісін жүргізу туралы шешім қабылдады", - дейді клиникалық-диагностикалық бөлімшенің дәрігері Данияр Қожантайұлы.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері диагностика мен емдеудің аз инвазивті эндоскопиялық әдістерін кеңінен қолданады, олар көптеген жағдайларда классикалық жедел хирургия әдістерін тиімді алмастырады.

"Ағзаға хирургиялық пышақ тимеген соң, мұндай араласулардан кейін науқастың оңалуы әлдеқайда жылдам өтеді. Қазір кезде науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр", - деді дәрігер.