Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
ERNUR.KZ. ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 02 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 50 мин жер сілкінісі тіркелді, деп жазады kaz.inform.kz.
«Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы (баллмен) 2 балды құраған жер сілкінісі Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдарында (таулы аймақтар) сезілген», — делінген хабарламада.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.