Алматы Орталық мәдениет және демалыс саябағының аула тазалаушысы иттеріне арнап қоқыстан тамақ қалдықтарын жинап жүрген әйелдің қолын сындырған, - деп хабарлайды Sputnik.
Алматы Орталық мәдениет және демалыс саябағының аула тазалаушысы иттеріне арнап қоқыстан тамақ қалдықтарын жинап жүрген әйелдің қолын сындырған, - деп хабарлайды Sputnik.
И. аула сыпырушының өтінішіне құлақ аспағандықтан, ер адам әйелге жақындап, екі қолымен сол жақ білегінен ұстап, қайырып, итеріп жібереді. Салдарынан, сараптама көрсеткендей, әйелдің денсаулығына орташа деңгейде зиян келген, яғни сол жақ білегі сынған екен.
Сотта аула сыпырушы кінәсін толығымен мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді, жәбірленушіден кешірім сұрады.
Әйел адамның айтуынша, көп жылдан бері саябақтағы мейрамханадан ет қалдықтарын алуға келіп жүреді екен. Бірақ А. есімді аула сыпырушы пайда болғалы бері, үнемі қоқан-лоққы жасап, қорқытып жүріпті. Сол күні білегін қайырып ұстап, сындырып жіберген екен.
Сотта жәбірленуші әйел екі жақтың бітімге келуіне байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады, айыпталушы өтемақыны толығымен төлепті.