Оның неден қаза тапқаны әзірге белгісіз.
ERNUR.KZ. Алматы тауларында құтқарушылар жас жігіттің мәйітін тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Құтқарушылардың айтуынша, қайтыс болған адам 30 жаста болған. Оның неден қаза тапқаны әзірге белгісіз, оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтайды.
«Алматы-Алагир асуына жақын орналасқан Проходное шатқалында ер адамның денесі табылғаны туралы шақыру түсті. РЖҚЖ құтқарушылары Алматының құтқару қызметімен бірлесіп, 1994 жылы туған ер адамның денесін Жусалы-Кезен асуына тасымалдап, полиция қызметкерлеріне тапсырды», - делінген хабарламада.