Алматы тауларында Қытайдан келген турист жарақат алды

0
91

Оқиға орнына "БАУ" КСП құтқару экипажы жіберілді.


Алматы тауларында Қытайдан келген турист жарақат алды

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Үлкен Алматы шатқалында аяғын қайырып алып, өздігінен әрі қарай жүре алмай қалған Қытай азаматына құтқарушылар көмек көрсетті, деп жазады zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, турист тауға екі қызбен бірге барған. Оқиға орнына "БАУ" КСП құтқару экипажы жіберілді.

Мамандар топты тау бөктерінен тауып, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін оны "Акья" зембілімен төмен түсіріп, жедел жәрдем көлігіне жеткізді.