Алматы тауларында ресейліктер ұлын жоғалтып алды

0
128

​ТЖМ құтқарушылары жоғалған жасөспірімді тапты.


Алматы тауларында ресейліктер ұлын жоғалтып алды

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Алматы тауларында ұлын жоғалтып алған Ресей Федерациясының азаматтары құтқарушылардан көмек сұрады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жалғыз кетіп қалған

Туристер Талғар асуында болған кезде 16 жастағы бозбала Богданович мұздығына қарай жалғыз кетіп қалған және онымен ата-анасы байланысқа шыға алмаған.

«ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы мен Алматы қаласының құтқару қызметі дереу көмекке шықты», - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Қиын таулы аймаққа қарамастан құтқарушылар жедел түрде Талғар асуына көтеріліп, мұздыққа қарай жаяу бет алды.

Жасөспірім аман-есен табылды

Іздестіру операциясы барысында жасөспірім табылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық және медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Тексерістен кейін құтқарушылар жасөспірімді ата-анасы күтіп тұрған асуға түсірді.