Алдын ала мәлімет бойынша, ол ағашқа соғылған.
Сурет: Zakon.kz
ERNUR.KZ. 2026 жылғы 10 маусымда Алматы қаласындағы Алма-Арасан шатқалында қайғылы оқиға болды – жас жігіт квадроциклмен апатқа ұшырап, қаза тапты, деп жазады zakon.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол ағашқа соғылған.
Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
"Алдын ала деректер бойынша, оқиға салдарынан 24 жастағы ер адам қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деді полиция департаменті.




