Жоғалған турист тікұшақтың көмегімен табылды.
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Алматы облысының тауларында үш күндік іздестіру-құтқару операциясын сәтті аяқтады, деп жазады inform.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғалған турист тікұшақтың көмегімен табылды.
1982 жылғы азамат 12 қаңтарда көп күндік жорыққа аттанып, 15 қаңтарда байланысқа шықпаған соң, туыстары мазасызданып, құтқарушылардан көмек сұрады.
- Бүгін Қазавиақұтқару әуе бортын пайдаланып, ер адам 2970 метр биіктікте «Сол Талғар» шатқалындағы күркеден табылды. Олмедициналық көмекке мұқтаж болмады және Алматы қаласына жеткізілді, - делінген хабарламада.
Осыған дейін ТЖМ қызметкерлері Жетісу облысында 25 балықшыны құтқарғанын жазған едік.