Алматы тауында жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің мәйіті табылды

0
131

Жігіт 2 шілде күні тауға серуендеуге шыққанда жоғалып кеткен.


Алматы тауында жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің мәйіті табылды

Фото: Іnstagram.com/volontery_almaty_lider.kz

ERNUR.KZ. Құтқарушылар Алматы маңындағы тауға шыққанда жоғалып кеткен 18 жастағы Ақылбек Нұрисламның мәйітін тапты, деп жазады Stan.kz.

Студенттің денесі табылғанын еріктілер мен полиция растады.

Жігіт 2 шілде күні тауға серуендеуге шыққанда жоғалып кеткен. Іздеу операциясына 40-тан астам адам жұмылдырылды. Сондай-ақ төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, полиция, еріктілер, кинологтар мен дрондар іздеу жұмыстарына қатысты.

Полицияның мәліметінше, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Марқұмның өліміне не себеп болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.