Алматы театрларына 100 көрермен жинауға рұқсат берілді

0
565

Театрлардағы орындарда адам саны 50%-дан аспауға тиіс.


Алматы театрларына 100 көрермен жинауға рұқсат берілді

ERNUR.KZ. Бұған дейін шаһар өнер ордаларына 50 адамға дейін көрермен жинауға рұқсат берілген еді. Енді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің бұл жолғы қаулысына сәйкес келушілер санын 100 адамға жеткізуге болады, деп жазады inbusiness.kz.

Қаулыға сүйенсек, театрлардағы орындарда адам саны 50%-дан аспауға тиіс. Әрі 10 қарашадан бастап олар infokazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы жұмыс істейді.


«Мәдени нысандарда әлеуметтік арақашықтық сақталуы керек. Сондай-ақ санитарлық-дезинфекциялық режим, желдету жүйелері үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек. Оған қоса,ауаны сәулелендіру (кварц) ұсынылады», – деді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.


Сондай-ақ 10 қарашадан бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, діни объектілердің қызметіне рұқсат етілді.