40 күн бұрын тас жолдың дәл осы тұсында тағы бір жас жігіт көлік астына түсіп көз жұмған болатын.
ERNUR.KZ. 9 маусым күні шамамен сағат 21:30 Алматы-Жетіген тас жолында Өтеген батыр ауылының тұсында адам өлімімен аяқталған ЖКО болды, деп жазады ktk.kz.
Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген жүргізушінің айтуынша, ол трассамен солтүстік бағытта қозғалған. Жаңбырлы ауа-райында ол тас жолдың жарықтандырылмаған аумағында алдынан жылт еткен адам сұлбасын байқап қалады. Жүргізуші дереу тежегішке басып, көлікті бұрып жіберген, бірақ ол бәрі бір жаяу адамды іліп өтіпті.
Соққыдан ол айналып кетіп, тепе-теңдігін жоғалатқан күйі жолдың оратсына құлап түскен. Дәл осы сәтте оны Camry соңында келе жатқан Lexus IS автокөлігі жаншып өтіп, бірнеше метрге дейін сүйреп апарған. Lexus жүргізушісі соққының болғанын да, жаяу адамды да мүлде байқамағанын айтып отыр. Осыдан соң қос көлік те жол шетіне тоқтайды.
Алған жарақаттар нәтижесінде жаяу адам сол жерде тіл тарпай кетті. Артынан белгілі болғандай, ол жұмыстан шығып, жаңбырлы уақытта көрініс мүмкіндігі шектеулі мезгілде жолды кесіп өтпек болыпты. Жүргізушілер де ауа-райының қолайсыздығына байланысты төменгі жылдамдықпен жүріп келе жатқындықтарын алға тартты.
Оқиға орнында Алматы облысы полициясының қызметкерлері жұмыс жасады. Айта кеткен жөн, шамамен 40 күн бұрын тас жолдың дәл осы тұсында тағы бір жас жігіт көлік астына түсіп көз жұмған болатын.