Алматыда №131 маршрут автобусының жүргізушісі рейс кезінде көз жұмды

0
130

Оқиға Жетісу ауданында болған.


Алматыда №131 маршрут автобусының жүргізушісі рейс кезінде көз жұмды

Фото: пресс-служба акимата Алматы

ERNUR.KZ. 2026 жылғы 22 маусымда Алматыда автобус жүргізушісінің жағдайы нашарлап, жол-көлік оқиғасына түсіп, оқиға орнында қайтыс болғаны белгілі болды, деп жазады zakon.kz.

Алматы қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Жетісу ауданында болған.

"№131 маршрут автобусының жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, Mercedes және Toyota көліктерімен соқтығысқан. Алдын ала дерек бойынша, қозғалыс кезінде жүргізушінің жағдайы күрт нашарлап, ол көлікті басқара алмай қалған. Өкінішке қарай, жүргізуші көз жұмды", – делінген хабарламада.

Оқиға бойынша тиісті сараптама тағайындалды. Қазір мән-жайы мен нақты себептері анықталып жатыр.