Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

0
182

Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан.


Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

Фото: aa.com.tr/ru

ERNUR.KZ. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, шкала бойынша жер сілкінісі 2 балды құрады, деп жазады inform.kz.

— ҚР ТЖМ «СБЗҰҒҰ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 28 қарашада Астана уақытымен сағат 01:32-де жер сілкінісін тіркеді. Шкала бойынша жер асты дүмпулері 2 балды құрады. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 318 км жерде орналасқан, — делінген хабарламада.

Қалалық ТЖД мәліметінше, Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан.

— Қалада жыл сайын 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте 2-ден 4 балға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим болып табылады, — деп ескертті ведомство.

Бұдан бөлек, жер сілкінісінен кейін «Қазселденқорғау» АТЭТУ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

— Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану ошақтары табылған жоқ. Қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеді. Жағдай тұрақты, — делінген таратылған хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін 5 қарашада Алматыда жер сілкінгені хабарланды.