Алматыда 2 ер адам автобус жүргізушісін пышақпен қорқытқан

0
858

Әлеуметтік желіде автобус жүргізушісіне жасалған шабуылдың видеосы тарап кетті.


Алматыда 2 ер адам автобус жүргізушісін пышақпен қорқытқан

ERNUR.KZ. Екі ер адам қоғамдық көлік жүргізушісін соққыға жығып, оны пышақпен қорқытқан. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеодан ер адамның автобусқа кіріп, жүргізушінің қасына келгенін көруге болады, деп жазады ktk.kz.

Артынша олар бір-бірімен қол алмасып, бір нәрсені талқылай бастады. Бір уақытта жолаушы азамат жүргізушіні соғып жібереді. Олардың қасына тағы бір ер адам жүгіріп келеді. Бейнежазбадан қоғамдық көлік жүргізушісі өзіне соққы жаудырған азаматтарға оларды бейнекамера түсіріп жатқанын ескерткені көрінеді.

Алайда, бұзақылар өзін агрессивті түрде ұстауды жалғастырып, жүргізушіні жабылып ұрады.

Деректер бойынша, "Бату Тревел" компаниясының директор орынбасары Серік Ұрымбаев оқиға 21 шілде күні орын алғанын жеткізген. Ол кезде автобус жүргізушісі жанармай бекетіне қарай бара жатқан.

"Автобустың алдына кенеттен көлік тоқтайды. Жүргізуші оған соқтығыспас үшін солға бұрылып, оған сигнал беріп кете береді. Одан кейін, ол көлік автобусты қуып жетіп, оған жол бермей қойған. Сол көліктегі ер адамдар автобус салонына кіріп, жүргізушіні соққыға жыққан. Видеода ол жері жоқ. Бірақ, олар оны пышақпен қорқытқан" , - деді ол.