2019 жылдың сегіз айында Алматы мектептерінде 7 мұғалімнен туберкулез анықталды.
ERNUR.KZ. Алматы мектептерінде 75 қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды ktk.kz.
«Біз 100 аспаптық-зертханалық зерттеу жүргіздік. Жоспардан тыс тағы 75 тексеру болды, 105 айыппұл салынды, 100-ден астам хаттама толтырылды. Медициналық тексеруден уақытылы өтпеген 75 қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді», - деді Алматы қалалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.
2019 жылдың сегіз айында Алматы мектептерінде 7 мұғалімнен туберкулез анықталды. Өткен жылы осындай 4 жағдай тіркелген болатын. Оқушылар арасында 18 жағдай анықталды, ал былтыр 24 оқушы туберкулезге шалдыққан еді.