Белгілі болғандай, марқұм көзі тірісінде бірқатар ауыр сырқаттармен ауырған.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Түрксіб ауданында қайғылы оқиға тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 71 жастағы ер адам өз үйінде аңшылық қаруды пайдалану арқылы өз-өзіне қол жұмсаған, деп жазады zakon.kz.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға кешкі уақытта жеке тұрғын үй секторында болған.
Белгілі болғандай, марқұм көзі тірісінде бірқатар ауыр сырқаттармен ауырған. Туыстарының айтуынша, ол бұған дейін де өз өмірін қию ниеті туралы бірнеше рет айтқан.
"Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімшесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде", деп жазады Алматы ПД баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы жан-жақты анықталуда.


