Алматыда АӘК алушыларға телевизия абоненті тегін қосылады

0
991

​​Алматыда 2021 жылдан бастап цифрлық эфирлік телевизияға көшу жүзеге асырылуда.


Алматыда АӘК алушыларға телевизия абоненті тегін қосылады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасынан мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Басқармадан хабарлағандай, ҚР «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңына сәйкес, АӘК алушыларға телевизия абоненті тегін жалғанады.

2017-2021 жылдары Алматы қаласында АӘК алушы 764 отбасы телевизияға тегін қосылды. Ал 2022 жылы АӘК алушыларды 100 жалғамамен қамтамасыз ету жоспарланды.

«Алматыда АӘК алушылар осы тегін жалғамаларды алу үшін Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының аудандық бөлімдеріне өтініш берулері қажет.

Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының аудандық бөлімдерінің мекенжайлары:

Алатау аудандық бөлімі - Нұркент ы/а, 5/18, тел: 393-89-26

Алмалы аудандық бөлімі - Сейфуллина көшесі, 577, тел: 272-86-84

Әуезов аудандық бөлімі – 3 ы/а, 41В, тел: 277-48-83

Бостандық аудандық бөлімі – Жандосов көшесі, 2, тел: 392-24-13

Жетысу аудандық бөлімі – Макатаев көшесі, 142, тел: 279-54-50

Медеу аудандық бөлімі - Төле би , 12, тел: 291-06-65

Наурызбай аудандық бөлімі – Шұғыла ы/а, 347 тел: 385-71-53

Турксіб аудандық бөлімі - Рихарда Зорге көшесі, 24, тел: 223-68-05»,- делінеді Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы хабарламасында.