Полиция оны іздеп тапты.
ERNUR.KZ. Желіде Алматыдағы жолдың бірінде түсірілген видео пайда болды. Жүргізуші жігіт ер адамды ашуланып капотқа мінгізеді де газға басқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқиға Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Алатау даңғылының жол бөлігінде болған.
Видеода ашуға булыққан камридің жүргізушісін тыныштандыруды сұраған әйелдің дауысы естіледі. Не болып жатқанын түсіріп жатқан жігітті көлік жүргізушісі итеріп, капотына мінгізіп, көлікті жүргізген. Видео түсіріп жатқан бала жан даусымен көмек сұраған.
«Көмектесіңіз. Ол мені ұрып тастады, енді қашып барады», - дейді жігіт.
Полиция агрессивті адамды тауып, ұстады.
«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші қамауға алынып, жауапқа тартылады. Басқа деректер анықталуда», - деп хабарлады Алматы ПД.