Олар жәбірленушілерді жылжымайтын мүлікті сатуға және ақша қаражатын бақыланатын шоттарға аударуға көндірген.
фото: Polisia.kz
ERNUR.KZ. Алматыда зейнеткерлерді 1,5 млрд теңгеге алдаған интернет-алаяқтар тобының қызметі тоқтатылды, деп жазады sputnik.kz.
Қылмыскерлер өздерін құқық қорғау органдары мен қаржы институттарының қызметкерлері ретінде таныстырған.
"Олар жәбірленушілерді жылжымайтын мүлікті сатуға және ақша қаражатын бақыланатын шоттарға аударуға көндірген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асты", - дейді прокуратурада.
Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен қатысушылар анықталып, ұсталды. Олардың үстінен Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 4-бөлігімен іс қозғалды.
Тергеу жүріп жатыр.


