Алматыда әлеуметтік желідегі видеодан кейін автобус жүргізушісі жазаланды

0
143

Жүргізушінің жеке басы анықталды. Ол 1970 жылы туған ер адам болып шықты.


Алматыда әлеуметтік желідегі видеодан кейін автобус жүргізушісі жазаланды

Бейнеден алынған кадрлар. Threads-тегі аккаунт @almaty.official

ERNUR.KZ. Алматыда маршруттық автобус жүргізушісі әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады tengrinews.kz.

Видео авторының айтуынша, автобус қозғалыс кезінде оның жолын кескен. Ер адам жүргізушіге ескерту жасағанда, ол әдепсіз ишара жасап жауап қатқан.

Полиция қандай шешім қабылдады?

Видео Алматы полиция департаментінің назарына ілікті. Ведомство өкілдері бұл жазба 10 тамызда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықталғанын хабарлады.

Жүргізушінің жеке басы анықталды. Ол 1970 жылы туған ер адам болып шықты. Полиция оған қатысты әкімшілік шара қолданылғанын мәлімдеді. Сонымен қатаржүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Ережеде не делінген?

Бұл ретте маңызды жайтты ескеру қажет: Жол жүрісі қағидаларына сәйкес, елдімекендерде белгіленген аялдамадан қозғалысын бастаған автобустар мен басқа да маршруттық көлік құралдарына жүргізушілер жол беруге міндетті.

Яғни, автобус аялдамадан шығып бара жатса, автокөлік жүргізушілері оны өткізіп жіберуі тиіс. Бұл ретте автобус жүргізушісі де маневрінің қауіпсіз екеніне және басқа қозғалыс қатысушыларына кедергі келтірмейтініне көз жеткізуі керек.