​Алматыда алғаш рет мопедке техникалық төлқұжат пен мемлекеттік тіркеу нөмірі берілді

0
66


​Алматыда алғаш рет мопедке техникалық төлқұжат пен мемлекеттік тіркеу нөмірі берілді

Фото: видеодан алынған кадр

Алматыда мопедті алғашқы тіркеу жұмыстары табысты аяқталды, деп жазады inbusiness.kz .

– 2024 жылы "Жол қозғалысы туралы" заңға енгізілген түзетулердің негізгі мақсаты – мопедтерді пайдалануды реттеу. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып табылады және оларға барлық заң талаптары қолданылады. 2024 жылдың 11 қаңтарынан бастап пилоттық жоба аясында мопедтерді тіркеуге рұқсат беретін ережелер күшіне енді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізімін әзірледі, ал мопедтің жақтауында сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда да тіркеу оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.
Бөлісу