Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды

0
785

Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр.


Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда антикордың жалған қызметкері 1987 жылы туған азамат Ұлан Рай ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Ұлан Рай жол ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмау мақсатында өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерімін деп таныстырып келген.
Антикордың жалған қызметкерін 6 қаңтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өзіндік қауіпсіздік департаменті мен Алматы қаласы ПД ӘПБ арнайы батальонының қызметкерлері бірлесіп ұстаған.
Құжаттарды тексеру барысында құқық бұзушы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін көрсеткен.

Қазіргі күні Ұлан Рай уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.