Алматыда әскери билеттер онлайн форматта беріледі

0
2 342

2020 жылы 1000-нан астам алматылық электронды форматта әскери билет алған.


Алматыда әскери билеттер онлайн форматта беріледі

ERNUR.KZ. 2021 жылдан бастап 50 алматылық әскери билетті онлайн алу мүмкіндігін пайдаланды, деп жазады zakon.kz.

Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті 9 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде әскери билетті электронды форматта беру де бар.

Бүгінде онлайн-мемлекеттік қызметтерге сұраныс артты. Бұл - көптеген мекеме жабылған немесе жұмыс онлайн режиміне ауысқан карантин жағдайында өте ыңғайлы, - деді Алматы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Амантай Өсербаев.

2020 жылы 1000-нан астам алматылық электронды форматта әскери билет алғанын атай кеткен жөн.

Айта кетсек, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру аясында Қорғаныс министрлігі халыққа ұсынылған 16 қызметтің 15-ін электронды форматқа ауыстырған болатын.