Оның пікірінше, шабуылдаушылардың нақты талабы болмаған.
ERNUR.KZ. Алматыда тәртіп сақшылары мен әскерилер бейбіт митингке шыққандармен қақтығысқан жоқ. Олар террористер мен бұзақыларға қарсылық көрсетті. Арнайы қызмет ардагері, генерал-майор Руслан Мыңбаев осындай пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.
Оның пікірінше, шабуылдаушылардың нақты талабы болмаған.
"Әдетте наразылық білдірушілер өз талаптарын айтады. Көп жағдайда олар әлеуметтік-экономикалық, тұрмыстық мәселелерге, жалақыны көтеруге және т.б. қатысты болады. Ал бұзақыларда, террористерде, экстремистерде мұндай талап болмайды. Олар қатыгездік көрсетіп, халықты қорқытып, тонағысы келеді. Бұл жағдайда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекет басшыларына үндеу заңды және дәл уақытында жасалды. Біз Мемлекет басшысының бағытын жан-жақты қолдаймыз", - деп түсіндірді генерал-майор.