Алматыда автобус үш адамды қағып кетті

0
627

​Зардап шеккендер Алматыдағы емдеу мекемелеріне жеткізілді.


Алматыда автобус үш адамды қағып кетті

фото: nur.kz.

ERNUR.KZ. 30 мамыр күні сағат 17:56 шамасында автобус жүргізушісі Сүйінбай көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жолды дұрыс емес жерден кесіп өтіп бара жатқан үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

Зардап шеккендер Алматыдағы емдеу мекемелеріне жеткізілді.

"Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Арнайы сараптамалар тағайындалды.