Алматыда автобус жеке тұрғын үйге соғылды

0
619

Зардап шеккендер бар.


Алматыда автобус жеке тұрғын үйге соғылды

ERNUR.KZ. Алматыда 141-бағыттағы автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай, жеке тұрғын үйге соғылды, деп жазады inbusiness.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол апаты 10 қазан күні, сағат 18.00-де болған.

141-бағыттағы "Yutong" маркалы автобустың жүргізушісі Күдерин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, көлікті басқара алмай, жолдан шығып, жеке тұрғын үйге соғылған.

"Жол апаты салдарынан жүргізушінің өзі және көліктегі 6 жолаушы зардап шекті. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алматы қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруда", – деді қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.