Алматыда автобус жүргізушісін ұрған самокаттағы ер адам сотталатын болды

0
907

Оқиғаға қатысы бар самокаттағы ер адамның бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан жолдың арғы бетіне өткені де анықталған.


Алматыда автобус жүргізушісін ұрған самокаттағы ер адам сотталатын болды

ERNUR.KZ. Алматы полициясы автобус жүргізушісіне шабуылдаған самокаттағы ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын хабарлады деп жазады nur.kz.

Алмалы аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 293 бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.
Тәртіп сақшылары тергеу барысында сараптамалық зерттеулер жүзеге асатынын, оның нәтижесінде қорытынды процедуралық шешім шығатынын атап өтті.
Сондай-ақ, болжам бойынша оқиғаға қатысы бар самокаттағы ер адамның бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан жолдың арғы бетіне өтіп бара жатқаны бейнеленген видеосы полицияның қолында.
Аталған фактіні Жергілікті полиция қызметкерлері жеке өндірісте қарайтын болады. Оның нәтижесі бойынша әкімшілік заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.
Еске сала кетсек, 9 шілде күні Алматы қаласындағы Төле би мен Сейфуллин көшелері қиылысында ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасады. Ол оқиға орнынан қашуға ұмтылғанда, көлік соғып кетті.