Алматыда автобусқа мінген екі әйел төбелесіп, бір-бірін аяусыз ұрды (ВИДЕО)

0
82

​Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр


Алматыда автобусқа мінген екі әйел төбелесіп, бір-бірін аяусыз ұрды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Алматыда автобусқа мінген екі әйел адамның төбелесіп, бір-бірін аяусыз ұрған сәті видеоға түсіп қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға таңғы уақытта болған. Аталған факті бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

«Оқиғаның барлық нақты мән-жайы анықталып, жанжалға қатысқан әрбір тараптың әрекетіне құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады», – делінген ПД хабарламасында.

Полиция азаматтарды кез келген келіспеушілікті тек құқықтық өрісте шешуге шақырады. Біз құқықтық қоғамда өмір сүреміз, сондықтан қоғамдық тәртіпті бұзу ешқандай жағдайда жол берілмейді.