Алматыда көлік құрылымын дамыту жөніндегі шеберлік-жоспарды бекіту 2023 жылғы желтоқсанға жоспарланған.
ERNUR.KZ. Алматыда LRT және BRT ескере отырып, қоғамдық көлікте екіншісіне ауысып отыру тегін болады, деп жазады tengrinews.kz.
Алматыда көлік құрылымын дамыту жөніндегі шеберлік-жоспарды бекіту 2023 жылғы желтоқсанға жоспарланған. Бұл оқиға базалық инфрақұрылымды қалыптастырудың бастапқы нүктесі болады. Бұл туралы Ерболат Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беру барысында айтқан.
"Бірінші кезеңде 2024 жылы Райымбек даңғылындағы BRT пилоттық дәлізінің құрылысы басталады және екінші көлікке тегін ауысып отыруға мүмкіндік беретін жаңа тарифтік баға енгізіледі", - деп атап өтті Алматы әкімі.
Екінші кезең барысында, 2025-2026 жылдары LRT көлік дәліздерінің саны 10-ға дейін ұлғаяды және ұзындығы 26 шақырым болатын бірінші LRT желісін іске қосады. Ол желі батыс жақтан қала орталығына барады. Алматы-1 және Алматы-2 станциялары жерүсті метрополитенін қосады.
Көлік желісін дамыту трафикті тиімді басқаруға арналған құралдардың болуын болжайды. 2025 жылы қалалық магистральдар, қоғамдық көлік және "ақылды" бағдаршамдар біріктірілетін зияткерлік жүйені іске қосу жоспарланып отыр.